Басты ақпаратОқырманнан он сұрақ

Баян НҰРМЫШЕВА, әнші: «ЖАНДЫ ДАУЫС – ЖАНЫМА ЖАҚЫН

– Әншілікпен қатар сазгерлігіңіз­дің де бар екенін білеміз. Алғашқы әніңізді қашан жаздыңыз?
Дана МАНБАЕВА, мұғалім

– Өзімді сазгермін деп есептемеймін. Әуестікпен әуен шығаратын кездерім болады. Дегенмен, алғашқы әнімді жазуыма балаларға арналған жыр жи­на­ғының қолыма түсуі себеп болды. Ол кезде 9 жаста болатынмын. «Бал­мұз­дақ» және «Жолың болсын, түйелер» деген өлеңдерге ән шығардым. Оларды кейін «Әнші балапан» байқауында құрбыларым орындады.

– Гитарадан басқа қандай аспапта ойнай аласыз?
Мағжан БЕКШЕНОВА, саз өнері пәнінің мұғалімі

– Құрманғазы атындағы ұлттық консерваторияның «Халық әні» бө­лі­мінің түлегі болғандықтан, ұлттық аспа­бымыз – домбыраның «тілін» жетік меңгергенмін. Оған қоса, Қайрат Бай­босынов ағамыздың сыныбынан дәріс алдым. Сондай-ақ, сазсырнайда ойнай аламын. Одан бөлек кәсіби бол­маса да, фортепианоны аздап тарта­тыным бар.

– Фонограмма мәселесі жайында не айтар едіңіз?
Айнұр ҒАБДОЛЛА, жас маман

– Фонограмма туралы дұрыс, бұрыс деп айта алмаймын. Екі жағы да бар. Жалпы, фонограмма мәселесі тек ән­ші­ге ғана байланысты емес, дыбыс­тың сапасы, концерт залының дұрыс жарақ­тан­ды­рылуы, бәрі – өзара сабақ­тас нәрсе. Мысалы, үлкен залдарда өтіп, ол жердің дыбыс шығаратын техникала­ры­ның барлығы сапалы болса, еш қиындық жоқ. Ал, жанды дауыста ән салу әншінің өсуіне септігін тигізеді. Сондай-ақ, әншілердің халықтың алдын­дағы жауап­кершілікті сезінуіне ықпал етеді. Өзіме келетін болсам, жанды дауыс – жаныма жақын.

– Бірде сахнаға домбыра­мен шы­ғып, ән са­ла­тыныңызды айтып еді­­­ңіз. Қа­­­шан сол сәт­тің куәгері бо­ла­­мыз?
Панаркүл БЕГДЕРБЕКОВА,оқырман

– Реті келгенде ол да бола жатар. Дом­бырамен үлкен сахнада ән салып көр­ген емеспін. Достарымның арасында, оты­рыстарда ән салатыным бар.

– Ас үйге қырыңыз бар ма? Қан­дай тағамды жақсы көресіз?
Жұлдыз ӘЛІБАЕВА,медбике

– Әрине, әрбір қазақтың қызы сияқты мен де тағам әзірлей аламын. Әсіресе, өзі­мізге етене етті дәмді етіп аса­­мын. Жалпы, теңіз тағамдарын ұна­­та­­мын.

– Қандай ақындармен, сазгерлермен шығармашылық байланыстасыз?
Жұлдыз ӘЛІБАЕВА,медбике

– Жалпы, шығармашылығы ұнай­тын азаматтардың барлығымен шығарма­шылық байланыстамын десем болады. Қазіргі таңда «МузАРТ» то­бы­ның музыкалық продюсері Арман Бек­сұл­танмен жұмыс жасап жатырмын.

– Қоғамдағы қандай жағдайлар алаңдатады?
Жайдарлым СӘРСЕНБЕКОВА,жас маман

– Қоғамның бір мүшесі болғандық­тан, айналама бейжай қарай алмаймын, Алаңдайтын мәселе көп. Табиғи апаттар, балалардың болашағы алаңдатады. Олар келешекте қандай қоғамда өмір сүреді?

– Бізде еліктеушілік басым деп жа­та­мыз. Дегенмен шетелдік өнер ие­ле­рінің қандай қасиетін өзімізден көр­гіңіз келеді?
Гүлзат ЖҮНІСОВА, мұғалім

– Шетелдіктерден үйренеріміз көп. Олар эксперимент жасаудан қорық­пай­ды. Өздерін әр жанрда сы­нап кө­реді. Сол арқылы өзіне кере­­гін таң­дап алады. Біз де экспери­мент жасаудан қо­рық­пауымыз керек. Ең бастысы, ұлт­тық рухымызды жоғалтпасақ, болғаны.

– Ұлыңыздың есiмi кiм. Ол өнерлi ме? Өнер адамы болғанын қалай­сыз ба?
Толғанай ҚАЛТАЙҚЫЗЫ, қала тұрғыны

– Ұлымның есімі – Ілияс. Өнерлі деп ай­та аламын. Егер болашақта өнер адамы боламын деп жатса, қарсылығым жоқ. Қолдау көрсетуге дайынмын. Ең бас­­­тысы, өз мамандығын сүюі керек. Сол кез­де еңбегі жемісті, табысты болады.

– Алдағы жоспарларыңызбен бө­ліс­сеңіз…
Шарбат ЖҮНІСОВА, оқырман

– Алла бұйыртса, жаңа альбомым жа­рық­қа шығады. Жинақ екі бөлімнен тұ­ра­ды. Тың­дармандар өздері бағалай жатар.

Еркежан СӘТІМБЕК

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button