Тәуелсіздікке 30 жыл

Баянды бақыт

Бір күні немерелеріммен бас қостым. Бәріне ортақ бір сұрақ қойдым. «Тәуелсіздік деген не?» дедім. Сонда бірі «бақыт» деді. Бірі «ата-анамның қасында болу» деді. Бірі «бәріміздің ынтымақты өмір сүруіміз» деді. Енді бірі «бәріміздің қазақша сөйлеуіміз» деді.

[smartslider3 slider=1438]

Шындап келсек, мұның тереңінде үлкен ой жатыр. Шынында, тәуелсіздік – ол бақыт. Тәуелсіздік – ерекше қасиетті ұғым. Сондықтан осындай қасиетті ұғымды кішкентай бүлдіршіндер тілімен айтқан кезде осылай болып шықты. Тереңіне үңілсек, шын мәнінде, еліміздің өз тәуелсіздігін, егемендігін алып өмір сүруі – бақыт.

Әлемде алты мыңдай ұлт пен ұлыс бар екен. Бірақ соның ішінде екі жүздей ұлтта ғана тәуелсіздік бар. Қазақ сол бақытқа ие болып отыр.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» деп айтуы бекер емес. Шынында, бұл тұрғыда Елбасымыздың еңбегі ерекше. Тәуелсіздік – үлкен байлық. Осының қадір-қасиетін түсініп, осы байлықты ұстап тұру, мәңгілік ел болу жолында тәуелсіздіктің туын көтеріп, оны нығайту жолында еңбек ету – әрбір қазақстандықтың парызы.

Құрметті қазақстандықтар! Құрметті елорда тұрғындары! Өздеріңізді осынау қасиетті де киелі ұғым – Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Осы мерейлі мерекеде бір-бірімізге деген ынтымағымыз бен бірлігіміз арта берсін! Елордамыз дами берсін! Тәуелсіздігіміз жасай берсін!

Әкім ЫСҚАҚ,

қоғам қайраткері, тұңғыш қазақ тілінде жазылған заң авторы

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button