Тәуелсіздікке 30 жыл

Бедел-мұратымыз биіктей берсін!

Тәуелсіз Қазақстан халқын ең ұлық мерекеміз – Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын!

[smartslider3 slider=1441]

Сан ғасыр бабаларымыз армандаған осы еркін де азат күніміз баянды болсын! Кешегі Қасым салған қасқа жолда да, Есім салған ескі жолда да, Абылай ханның ақ жолында да бабаларымыз осы байтақ даланың төсінде еркін өмір сүруді, ұлттың тәуелсіз болуын армандап өтті. Өткен ғасырдың басындағы Алаш қайраткерлерінің де бар арман­мақсаты, мұрат­мүддесі тек қазақ халқының бостандығы еді. Енді сол арманға біз қол жеткізіп отырмыз. Тәуелсіздіктің 30 жылдығы тарих үшін қас­қағым сәт болғанмен, осы жылдар ішінде жас мемлекетіміз қаншама жетістіктерге жетті. Болашақта да еліміз экономикасы өркендеген, саяси ұстанымы сарабдал, бүкіл әлем алдында өзінің бедел­мұраты биік айбарлы мемлекетке айналса деген тілек айтқым келеді. Тәуелсіздік бар жерде іргеміз берік, өмір­тіршілігіміз баянды болмақ. Қазақ «Отан – отбасынан басталады» дейді. Әр отбасындағы қуаныш пен береке, тәлімді тәрбие, тұтастай алғанда, мемлекет мызғымастығын қамтамасыз етеді. Сондықтан біздің ардақ тұтар тәуелсіз Қазақстанымыздың болашағы жарқын, келешегі кемел болсын!

Аманжол ӘЛТАЕВ,

айтыскер ақын, ҚР еңбек сіңірген қайраткері

 

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button