Бейбіт аспан тілеймін!

– Жыл сайын еліміздің азаматтары үшін Алғыс айту күнінің маңызы артып келеді. Бұл мереке мейірімділікті, қайырымдылықты, өзара ынтымақ пен Қазақстанның бірлігін бейнелейді. Оны әр адам әртүрлі қабылдайды. Біз, қуғын-сүргінге ұшыраған поляктардың ұрпағы, қазіргі ұрпақтың Алғыс айту күні, ең алдымен, қуғын-сүргін жылдарында ата-бабамызды қабылдап, ризық-несібесін, ыстық ықыласын білдірген қазақ халқына алғыс айту деп білеміз. Адам басынан өткеретін ең маңызды және ең әдемі сезімнің бірі – алғыс сезімі. Ал бүгін мен қазақ жеріне, қазақ халқына көп жыл бұрын ата-әжемді қабылдап, олармен бірге үйін бөлісіп, жаңа Отан сыйлағаны үшін алғыс айтқым келеді. Ұлы дала халқына адамгершілік, ықылас пен мейірімділік үшін алғыс айтамыз. Барша қазақстандықтарды мерекемен шын жүректен құттықтаймын. Баршаңызға зор денсаулық, бақыт және бейбіт аспан тілеймін!
Елена РОГОВСКАЯ, «Polacy» қоғамдық
бірлестігінің төрайымы