Жаңалықтар

Бейнекамераның көмегі көп

Бүгінде елордада  Жедел  басқару орталығының 800-ден астам бейнеба­қылау камерасы орнатылған. Бұл құрылғылар қылмыстың ізін суытпай ашуға әрі құқық бұзған азаматтарды жазбай тануға үлкен көмек болып тұр.

242e84531c23bbcef9f6dc4f49e

Осы бейнекамералардың көмегімен Жедел басқару орталығының қызметкерлері 30 қылмыстық, 10 мыңнан астам әкімшілік құқықбұзушылықты анықтапты. Айталық, биылғы жылдың 27 наурызында сағат 15.50 шамасында «102» телефонына Астана қаласының 32 жасар тұрғыны хабарласып, Жангелдин мен Бейбітшілік көшесінің қиылысында белгі­сіз біреулер жеке мүлігін, құ­жат­тары мен ақшасы салын­ған сөмкесін тартып алып кет­­кендігін жеткізген. Жедел басқару орталығы операторы шұғыл әрекет етіп, бейне­ба­қылау камераларын қарау барысында күдіктілерді байқаған. Оқиға орнына Астана қаласы ІІД Жер­гілікті полиция қыз­метінің жол-патрульдік полиция жасағы бағытталып, күдіктілер бірден қолға түскен.

Тергеу амалдары барысында жәбірленуші оларды жазбай таныған. Аталмыш факт ҚР ҚК-нің «тонау» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай тіркеуіне алынды.

Сондай-ақ, 22 наурыз күні сағат 17.10 минут шамасында Жедел басқару орталығының «102» пультіне Астана қала­сының тұрғынынан белгісіз біреудің үй ауласынан құны 100 000 теңгеден астам сома­дағы жеке мүлкін (велосипед) ұрлағаны жөнінде хабарлама түскен. Жедел басқару ор­талығының камералары ар­қасында оператор күдіктіні байқаған. Оқиға орнына жеткен полиция жасағы Ақмола облысының 21 жастағы тұр­ғынын құрықтап, Алматы ау­данының ІІБ-на жеткізді.

Міне, осындай тиімділігі бар бейнекамераларды мамандар жыл сайын көбейтуді қолға алуда. Астана қаласы Ішкі істер департаменті бірқатар мемлекеттік құрылымдармен бірлесе жұмыс істеп, бейне­бақылау камералары желісін кеңейту, азаматтардың қа­уіпсіздігін қамтамасыз ету сынды мәселелермен үздіксіз айналысып келеді.

Қымбат НҰРҒАЛИ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button