Мәдениет

Бейнелеу өнерінің майталмандары бас қосты

Бүгін елорда төрінде заманауи өнер туындыларының насихаттауға арналған суретшілердің халықаралық Биеннале сайысы салтанатты түрде шымылдығын ашты. Айтулы  шараға еліміздің танымал суретшілері мен шетелден келген бейнелеу өнерінің шабандоздары қатысты.

KBB_6405

Шетелдік қонақтар қатарында  Леонид Гомонов (Беларуссия), Marin Giuliano (Италия),  Fordin Isabelle (Франция),  Ferrazzo Monia (АҚШ), Podlaska Dorota (Польша), Рафаэль Алиев (Азербайжан) және басқалары бар.

KBB_6398

-Әлемдегі ең атақты Венециандық биеннале – 1895 жылдан бері өтіп келеді. Ол Еуропалық өнер мектебін қалыптастырып, олардың туындыларын дүние жүзіне таралуына ықпал еткен. Бұл дәстүр ХХ ғасырда да жалғасын тауып, үздік туындылардың көрмесіне айналды. Бүгін тұсауы кесілген астаналық Биеннале – республика деңгейіндегі оқиға деп бағалауға болады. Сонымен қатар, бас қаламыздың келбетін кескіндейтін атақты суретшілердің туындыларының жазылуына мүмкіндік жасау да осы  шараның мақсаты – деді Астана қаласы суретшілер одағының  басқарма төрағасы, ҚР мәдениет қайраткері Тоқтар Ермеков.

KBB_6407

Алдағы жеті күнге жоспарланып отырған биік өнер дәстүрі бірнеше шаралар ды қамтиды. Шеберлік сыныптарын өткізу жоспарланған.  Ал қадірлі қонақтардың таңдауы – Астананың орталық бағы, Есіл өзені жағалауы және Сулы жасыл желектің бойына түсіп отыр.  Олар осы жерлерді шығармашылық алаңға айналдырмақ. Шара соңында қала тұрғындары мен қонақтары қылқалам иелерінің қиялындағы арман қаланың бейнесін тамашалай алатын болады.  Әлемдік  өнер кеңістігіне бастайын бұл шара қала әкімдігінің қолдауымен жүзеге асырылуда.

Айгүл УАЙСОВА

Тағыда

Айгүл Уайсова

Ақпарат саласының үздігі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button