Жаңалықтар

БЕЙСЕКОВА КӨШЕСІ БІР АЙҒА ЖАБЫЛАДЫ

бейсекова

Астана қаласы ІІД Әкімшілік полициясы­ басқармасының хабарлауынша­ 20 наурыз­ – 20 сәуір аралығында Ш.Бейсекова көшесі бойында Қорғалжын тас жолынан­ бастап­ С.Сейфуллин көшесіне дейінгі жол қозғалысы шектеліп, көліктер қарама-қарсы­­ жолақпен жүре тұрады.

Жол Бейсекова көшесінің аталмыш бөлігіндегі су жүретін темір бетонды құбырларды жаңарту жұмыстарына байланысты жабылып отыр. Әкімшілік полиция басқармасы жүргізушілерге кептелекке түсіп қалмас үшін жолын алдын ала жоспарлап алуға кеңес береді. Құрылыс кезінде көлік иелерін ақпараттандыру мақсатында тыйым салу және ескерту белгілері қойылады.

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button