Жаңалықтар

Беларусь делегациясы келді

Беларусь Республикасының Қазақстандағы «Беларусь ЭКСПО-2013» Ұлттық көрмесі аясында бір топ беларус делегациясы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық универ­си­тетінде болды. Делегацияны Беларусь Респуб­ликасы Премьер-министрінің орынбасары Михаил Русый бастап келді.

Шараға Төтенше жағдайлар ми­нистрі Владимир Божко, университет ректоры Ақылбек Күрішбаев қатысты. Меймандар университеттің профессоры, оқытушылары, студенттері, магистранттары мен доктаранттары алдында екі ел арасындағы тәжірибе алмасулар жайын атап өтті. Ал, Ақылбек Қажығұлұлы өз сөзінде Беларусь елінен шақыртылған лек­тор­лардың мал шаруашылығы өнім­дерін өндіру және бұл мақсаттағы жаңа технологияларды қолдану туралы дәрістеріне тоқталып өтті.

Сонымен қатар, 2013-2015 жылдар аралығында Қазақстан мен Беларусь Республикасы арасындағы жетекші ғылыми жобаларды бірге атқару туралы бюджеттік жоспар да дайындалған.

Кездесу соңында Михаил Русыйға «ҚазАТУ-дың Құрметті профессоры» атағы берілді. Өз кезегінде Беларусь Республикасы Премьер-министрінің орынбасары да Ақылбек Қожағұлұлына арнайы сыйлық табыс­тап, алғысын білдірді.

Әйгерім РӘШИТҚЫЗЫ,
студент

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button