Sport

БЕЛГРАДТАН БЕС АЛТЫН

Бүгінгі таңда әлемдегі үздік спортшылар алдағы тамыз айында Бразилияда өтетін жазғы Олимпиада ойындарына қызу дайындық жүргізуде. Осы орайда Қазақстан жанкүйерлері боксшыларға үлкен үміті артатыны анық.

Рио ойындарына Қазақстанның бокс құрамасы толық құрамда қатысатын болып отыр. Он салмақта да қазақстандық боксшылар лицензия алып үлгерді.
Жақында Сербия астанасы Белградта ірі халықаралық жарыс өтті. Осы жарысқа ұлттық құраманың үш боксшысы жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Атап айтқанда, Рио-де-Жанейрода ел намысын қорғайтын Біржан Жақып (49 келі), Данияр Елеусінов (69 келі) және Василий Левит (91 келі) жеңімпаз атанды. Сонымен қатар 60 келі салмақта сынға түскен Сұлтан Зауырбек пен Нұрбол Алтаев та (81 келі) халықаралық турнирдің алтын жүлдесін жеңіп алды.

Ғалым ҚОЖАБЕКОВ

Тағыда

Ғалым Қожабеков

«Астана ақшамы» газеті бас редакторының орынбасары

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button