Ресми бет

Белсенді азамат, беделді ұстаз еді…

Медицина ғылымдарының докторы, профессор, Профилактикалық медицина академиясының академигі Ерболат Дербісәліұлы Дәленовтің қайтыс болуына байланысты көңіл айтамыз.

Ерболат Дербісәліұлы бүкіл саналы ғұмырын Қазақстан медицинасын дамытуға арнады. Оның еңбек жолы және ғылыми қызметі Астана медициналық университетімен байланысты. Ғалым сол жерде оқып, кейіннен өзі де сонда сабақ берді. Бүгінгі таңда Ерболат Дербісәліұлының «Ерте реанимациядан кейінгі кезең динамикасына қышқыл-сілтілік тепе-теңдіктің бұзылуының әсері» атты ғылыми диссертациясына ғылыми қызығушылық жоғары деңгейде. Профессордың көптеген ғылыми еңбектері, кітаптары мен монографиялары дәрігерлер мен ғылыми қызметкерлер үшін анықтамалық іспетті. Ерболат Дәленовтің ел медицинасының дамуына қосқан үлесі ұшан-теңіз.

Ерболат Дербісәліұлының туыстары мен жақындарына қайғысына ортақтаса отырып, көңіл айтамыз.

Астана қаласының әкімдігі

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button