Қала мен Сала

Белсенді азаматтар мектебі

«Белсенді азаматтар ­мектебі» жобасы аясында елорда тұрғындары өз идеясы мен ұсынысын білдіре отырып, аула ­аумағын абаттандыруға, аудандарды жарықтан­дыруға және көгалдандыруға тікелей араласа алады. Енді бұл шараға мектеп оқушылары да қатысады.

«Белсенді азаматтар мектебі» жобасының арқасында алдағы уақытта аудандарды абаттандыру бойынша жобаларды балалар әзірлейді. Бұл туралы Сарыарқа ауданының әкімі Жүсіп Жұмағұлов мәлімдеді.

«9-10-сынып оқушылары арасында «Белсенді азаматтар мектебі» жобасын іске қосамыз. Енді жасөспірімдер өз ауданын жақсартуға тікелей қатыса алады. Оқушылар олардың идеялары талқыланып, өздері шаруашыл, жауапкершіл болуға тырысу керегін сезінуі керек. Осылайша, қоғам үніне құлақ асатын мемлекет қалыптасады. Біз өз идеясын еркін ұсынатын, өз ойын қорғап, оның маңызын дәлелдей алатын және оны іске асыруға дайын қатысушыларды көргіміз келеді» деді Жүсіп Жұмағұлов.

Аудан басшысының айтуынша, жоба «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасына негізделген. Балалардың идеясын дауыс беру кезеңіне шығармас бұрын қатысушыларға практикалық және теориялық дәріс беріледі.

Ұйымдастырушылардың пікірінше, мұндай сабақтар лекция, тренинг, бюджет сауатын дамыту, жалпы талқылау және оқытушылармен кері байланыс түрінде өтеді.

Тағыда

Гүлбаршын Өкешқызы

«Астана ақшамы» газетінің тілшісі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button