Жаңалықтар

Белсенді болуға үндеді

Қазақстан Республикасының Ұлттық архи­він­де ­Мем­­­­лекет басшысы Н.Назарбаевтың «Қазақ­стан­дық­тар­­дың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапа­сын арттыру» атты Жолдауына арналған мәжіліс өтті.

«Нұр Отан» партиясы, Есіл аудандық әкімдігі, Мемлекет тарихы институты, Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орта­лығы, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің және ҚР Ұлттық архиві қызметкерлері мен ғалымдары қатысқан жиын барысында Жолдауда ай­қын­далған міндеттер мен мақ­саттар жөнінде жан-жақты әңгіме айтылды. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Архив ісі және құжаттама департаментінің ди­ректоры Бағдат Тансыбеков «Елбасының биылғы Жолда­уында, алдымен, халықтың әл-ауқатын жақсартуға басым­дылық беріліп отыр. Осы орайда бірінші кезекте күнкөріс, яғни тұрмыс сапасын, халыққа қызмет көрсету сапасын көтеруге екпін берілген. Атап айтқанда, жұмыспен қамту, тұрғын үймен қамтамасыз ету, медициналық көмек көрсетудің, білім берудің сапасын жетілдіру жөнінде нақтылы міндеттер қойылып отыр. Сондықтан Президент Жолдауындағы міндеттер мен мақсаттарды орындау үшін әрбір адам белсенділік танытуы керек» деп атап өтті.
Сондай-ақ, мәжіліс барысында сөйлеген тарихшы ғалымдар Жабай Қалиев, Құндызай Ерім­бетова, Шәмші Жұмамұрат көп­шілік алдында Жолдау мұра­тының мән-мағынасын жан-жақ­ты ашып көрсетіп, ойларымен бөлісті. Ұлттық архив қызметкері Сәуле Бурбаева мен Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының бөлім басшысы Әсия Керімтаева Жолдау аясында атқарылатын жұмыстардың маңыздылығы мен тиімділігі жа­йында пікірлерін жеткізді.
Жиынды түйіндеген ҚР Ұлттық архивінің директоры Жангелді Махашов еліміздің өркендеуіне бағыт беретін Президент Жолдауы әрбір қазақстандықтың әл-ауқатын жақсартуға негіз болатынын және осы тұрғыда еңбек етуге, белсенді болуға шақырды.

Тағыда

Ғалым Қожабеков

«Астана ақшамы» газеті бас редакторының орынбасары

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button