Жаңалықтар

Белсенді сайлаушыға – сыйлық

Елорда әкімдігі 2021 жылдың 10 қаңтарында өтетін сайлауға арналған «Белсенді сайлаушы» акциясын бастайды. Шараның шарты бойынша онлайн қызметтер арқылы өзінің сайлау учаскесін тексерген әрбір бес мыңыншы адам естелік сыйлықтарға ие болады.

Қатысу үшін сіз өзіңіздің сайлау учаскеңізді онлайн-қызметтер арқылы тексеруіңіз керек. Мұны 3 жолмен жа­сауға болады:
1. Әкімдіктің веб-порталы astana.gov.kz арқылы (басты бетіндегі «Өз сайлау учаскеңізді табыңыз» баннері);
2. Smart Astana мобильді қосымшасы арқылы («Қалалық қызметтер» бөлімінде);
3. @Smartastana_bot телеграм-боты арқылы («Қызметтер» бөлімінде).
Сіз өз учаскеңізді төмендегі деректерді көрсете отырып тексере аласыз:
1) ЖСН (жеке сәйкестендіру нөмірі);
2) Аты-жөні және туған күні;
3) Тұрғылықты жері бо­йынша тіркелген мәліметі.
Онлайн режимде сайлау учаскесінің нөмірін, орталықтың мекенжайын және атауын, сондай-ақ картадан сайлау учаскесі орталығының орналасқан жері туралы белгіні алуға болады.
Акция нәтижесі 5 қаңтарда белгілі болады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button