Елорда тынысы

Белсенді жастар бас қосты

Астана қаласы әкімдігінің «Астана жастары» жастар ­ресурстық орталығының ұйымдастыруымен елорданың белсенді қыз-жігіттеріне арналған «Jastar jalyny-2022» ­лагері ұйымдастырылды. Үш күнге созылған бұл іс-шараны асыға күткен студент жастар қала маңындағы «Алтын қырғауыл» демалыс орнында жиналды. 

«Астана жастары» КМК басшысы Шыңғыс Тілеулиннің айтуынша, лагерь осымен төртінші жыл қатарынан ұйымдастырылып келеді.

– Жастарға арналған лагерь – жыл сайын өткізілетін дәстүрлі іс-шараның бірі. Лагерьге орта және жоғары оқу орындарының үздік деген еріктілері мен белсенділері жиналып, осы жерде бас қосып отыр. Бұл жобаның мақсаты – жастардың жан-жақты дамуына жағдай жасап, жастар орталығының алда болатын іс-шараларына жұмылдыру, белсенділігін арттыру, – деді Ш.Тілеулин.

Аталмыш лагерьге белсенділігін көрсетіп, түрлі іс-шараға қатысып, қолдау білдірген қаланың ең үздік жастары арнайы іріктелді. Қаладағы колледж және жоғары оқу орындарынан екі студенттен таңдалды. Барлығы 120 студент қатысты.

Солардың бірі – менеджмент, бизнес және білім колледжінің 3-курс студенті Жәнел Жүніс. Айтуынша, ол екінші рет осы іс-шараға шақырылды. Келесі жылы да қатысатынына үмітті.

– «Астана жастарының» ұйымдас­тыруымен қаламыздың белсенді жастары осы лагерьде жиналдық. Лагерьдің ерекшелігі – үздік білім алушыларды бір жерде жинап, жақсы орта қалыптастыратынында. Үш күнге созылса да, әр қатысушының жадында жақсы естеліктер, жылы эмоциялар қалдырады деп айта аламын, – деді студент.

Жиналған жастарға білікті мамандардың ораторлық шеберлік, кәсіп бастаудың қыр-сыры, спортпен дұрыс айналысудың ерекшелігі жайында арнайы шеберлік сабағы өткізілді. Сондай-ақ ұжымдық ойындар, тимбилдинг және Open air кеші ұйымдастырылды

Тағыда

Индира Бержанова

«Астана ақшамы» газетінің тілшісі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button