ЖаңалықтарЭкономика

БЕНЗИН ҚЫМБАТТАМАЙДЫ

бензин

«Үстіміздігі жылдың 1 тамызынан бастап айдың соңына дейін елімізде жанармай мен дизельдік отынның бағасы өзгермейді» деді Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин.

Оның айтуынша, жанармай бағасына түзету енгізу мәселесі қаңтар айынан бастап әр ай сайын көтеріліп келеді екен. Алайда, бұл ай сайын баға өсіп отырады дегенді білдірмейтін көрінеді.

Осы айдың басында кейбір баспасөз беттерінде жанармай бағасы қымбаттайды деген сыбыс тараған болатын. Оған сенер болсақ, ағымдағы жылдың 1 тамызынан бастап АИ-92/93 115 теңгеден 141 теңгеге, АИ-80 89 теңгеден 122 теңгеге, дизельдік отын 115 теңгеден 129 теңгеге қымбаттауы мүмкін екен.

Т.АБДУЛЛИН

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button