Мәдениет

Бердібектің биігі

Елорданың мәдени мекемелерінде көрнекті жазушы Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығына арналған іс-шаралар өтті. Астана қаласы орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің орталық балалар және жасөспірімдер кітапханасында ұйымдастырылғаны «Ақиқаттан айнымаған қаламгер» атауын алса, Сәкен Сейфуллин музейіндегісі «Бердібектің биігі» деп аталды.

Кітапханадағы іс-шараға Ғ.Орманов атындағы №7 мектеп-гимназияның Айнұр Мұхтарқызы жетекшілік ететін 6 «А» сыныбының оқушылары қатысты. Балалар жазушының өмірбаяны мен шығармашылығы туралы баяндап, өлеңдерін оқыды. Кітапханашылар жазушының «Аяжан», «Ана жүрегі» атты әңгімелері жайында кеңінен баяндап, оқушыларға оқуға кеңес берді. Оқушылар әйгілі «Менің атым Қожа» повесінен үзінді сахналады.

Кітапханашылар кітап көрмесімен таныстырып, іс-шарада белсенділік танытқан оқырмандарға алғыс хат пен естелік кітаптар тапсырды. Ал музейдегі іс-шараға қаладағы қазақ әдебиеті пәндерінің мұғалімдері жиналып, жазушының мұрасы жайында әңгімеледі. Оның өмір жолына тоқталды.

Бердібек Соқпақбаев та мұғалім болған. Біраз жыл ауыл мектебінде сабақ бергеннен кейін «Қазақ әде­биеті» газетінде, «Балдырған» журналында, Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» кино­студиясында жұмыс істеп,
Қазақстан Жазушылар одағында балалар әдебиеті жөніндегі әдеби кеңесші болған.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button