Sport

БЕРДІҚҰЛОВ БӘЙГЕСІН «АЛМАТЫ» АЛЫП КЕТТІ

ajnj

Мамырдың 9-10 күндері Спорт және денешынықтыру істері агенттігінің ұйымдастыруымен Сейдахмет Бердіқұловты еске алуға арналған дәстүрлі шағын футбол турнирі тұңғыш рет «Астана-арена» стадионында болып өтті. Оған еліміздің әр өңірінен көптеген БАҚ өкілдері қатысып, журналистердің де доп тебе алатынын көрсетті.

1995 жылдан бері Алматыда өткізіліп келген жарысты ұйымдастырушылар еліміздегі орталық басылымдардың, сондай-ақ, басқа да газет-журналдардың, телеарналардың, интернет сайттардың бас қалада шоғырлануы себепті «Астана-аренада» өткізуге шешім қабылдаған екен.

12 құрама қатысқан додаға алматылық, шымкенттік және жергілікті журналистер қатысты. Өз тобынан оза шапқан үш команда жартылай финалға тікелей жолдама алса, әр топтағы екінші орындағылардың үздік нәтиже көрсеткені ақтық ойынға таласатын төрт құраманың бірі атанды. Жартылай финалдың алғашқы ойыны оңтүстікқазақстандық журналистер мен «Хабар» арнасының алматылық қосыны арасында өтіп, «хабарлықтар» ақтық сынға шықты. Олардың ізінше астаналық «Хабарды» қапы қалдырған «Алматы» телеарнасының ұжымы да финал жолдамасын қалтаға басты. Сонымен, үшінші орынға талас барысында Оңтүстік Қазақстан облысының өкілдері қарсыластарын 4:3 есебімен ұтса, финалда «Алматы» телеарнасы өз жерлестері саналатын «Хабарды» пенальтиден сүріндіріп, турнирдің бас жүлдесін жеңіп алды. Жеңімпаздарға ұйымдастырушылар тарапынан медаль, диплом және т.б. бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Бұл турнир бастапқыда Байланыс және ақпарат министрлігінің, кейін 2008 жылдан бастап Туризм және спорт министрлігінің ұйытқы болуымен жолынан жаңылмай келе жатыр. Сондай-ақ, ол 2011 жылы Спорт және денешынықтыру істері агенттігінің бастамасымен Шымкент қаласында спорттың бес түрінен алғаш рет БАҚ арасында С.Бердіқұловты еске алуға арналған І спартакиаданың өтуіне түрткі болды.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button