1 мамыр - Бірлік күні

Береке-бірлік бастауы

Түрі басқа болса да, тілегі бір өзге ұлт өкілдерінің қазақ халқымен бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп жатқаны, әрине, бірліктің арқасы. Өзім Шешенстанның Грозный қаласында туып-өстім. Ата-анам болса, сонау 1944 жылы осында жер аударылды. Әжелерім мен аталарым Ақмола облысындағы Атбасар ауданында жерленген. Өзімнен үлкен ағаларым мен апаларым да Қазақстанда дүниеге келді.

[smartslider3 slider=2856]

 

Мен 1998 жылы отбасыммен Қазақстанның астанасына қоныс аудардым. Ол кезде қыздарым тым кішкентай болатын. Кейін осы жерде ұлды болдым. Әлі есімде, Президенттің кезекті бір Жолдауынан кейін балабақша үшін елордадағы коттедждерді пайдалану жөніндегі пікірін басшылыққа алып, жекеменшік балабақша ашуға бел будым. Ол кезде мемлекеттік балабақшаларда орын жетіспеушілігі көп болатын. Сол күннен бастап жолдасым екеуміз көп жылдан бергі арманымызды жүзеге асыра бастадық. Бірінші айда топта бес-алты бала ғана болса, ке­йін олар ағылып келе бастады, бірнеше айдан кейін балақайлар кезекке тұрды.

Елордада біз еліміздің түк­пір-түкпірінен химиотерапия алуға келген балалары бар ата-аналар тоқтай алатын пансионат аштық. Оларға тегін баспана, тамақ береміз. Пансионатта ойыншықтары бар балалар бөлмесі жабдықталған.

Жалпы, Қазақстан мен үшін екінші отаныма айналды. Мұнда жұмыс істеймін деген адамға, әсіресе аналарға кәсіп бастау үшін барлық жағдай жасалған. Сол үшін ел Президентіне, барлық қазақстандықтарға үлкен алғысымды және шынайы құрметімді білдіргім келеді. Біз, аналар, мемлекеттің тәуелсіздігі, балаларымыздың тәрбие­сі, отбасының нығаюы үшін әрбір үйдегі бейбітшілік пен келісімнің толық жауапкершілігін түсінеміз. Біз ата-аналық міндетімізді балаларымызда елдің басқа этностарымен достықта өмір сүруге мүмкіндік беретін толерантты сананы қалыптастыру үшін атқарып отырмыз, бұл мемлекеттегі тұрақтылықты, бейбітшілікті, келісім мен өзара түсіністікті қамтамасыз етуге ықпал етеді.

Бізде қиындықтар болмады емес, болды. Бірақ мен ешқашан мемлекет немесе туыстар бізге көмектесуі керек деп ойлаған емеспін. Мені әрдайым қолдағаны, маған сенгені және көп нәрсені үйреткені үшін жұбайыма өте ризамын. Бүгінде біздің балабақшаларда барлығы 800-ден астам бала тәрбиеленуде. Көпбалалы отбасынан шыққан 50 баланы тегін қабылдадық және 80 адам осы жерден жұмыс тапты, олардың басым бөлігі – көпбалалы аналар.

Қазақстанда қиындыққа тап болған вайнахтарды әрдайым жылы қабылдады. Сондықтан көпбалалы аналарға қолдау көрсетіп, көмектесу арқылы барша Қазақстан халқына алғысымды жеткізгім келеді. Мемлекетіміздің басты жетістігі еліміздегі халықтардың ұлтаралық және конфессияаралық келісімі, өзара түсіністігі мен сыйластығы болып табылады. Қазақстанның көпұлтты халықтары арасындағы бірлік пен ынтымақтастығы нығая берсін!

Еліміздің барша тұрғындарын Қазақстан халқының достығы және бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын! Баршаңызға, әр отбасына, әр қазақстандыққа шынайы көңілмен бақыт-береке тілеймін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Қазақстан халқы өркен жайып, мемлекетіміз  молшылыққа, ал әрбір шаңырақ бақыт пен шаттыққа кенелсін!

Айшат ВАГАПОВА,

«Вайнах» этномәдени бірлестігінің өкілі, көпбалалы ана,

Қазақстан Республикасы Білім беру саласының құрметті қызметкері

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button