Басты ақпарат

Берекелі мереке

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ЭКСПО қалашығы аумағында орын тепкен этноауылға барып, халықты Наурыз мерекесімен құттықтады.

Этноауылды жағалай он жеті киіз үй тігілді. Сол ма­ңайда театрландырылған қойылымдар, ұлттық спорт ойындары, қол­өнершілер көрмесі ұйымдас­тырылып, салт-дәстүрлеріміз дәріптелді. Елбасы мен Президент этноауылды аралап, елорда қонақтары және тұрғындарын, барша қазақстандықтарды Нау­рыз мереке­сімен құттықтай отырып, бақ-береке тіледі.
Наурыз тойында елордада некелерін қиған 9 жұп та сол жерден табылып, Нұрсұлтан Назарбаевтың ақ батасын алды. Елбасы жас отбасыларды есте қаларлық маңыз­ды күндерімен құттықтап, оларға бақытты, ұзақ өмір тіледі.
– Сендерге бақыт тілеймін! Махаббаттарың еш уақытта сөнбесін. Алдарың ашық болсын. Балалы-­шағалы, үбірлі-шүбірлі бо­лыңдар! Ата-аналарыңа қуаныш әкеліңдер. Елдің азаматы болыңдар! – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Қасым-Жомарт Тоқаев та халыққа құттықтау жолдады. «Бәрі­мізді қуаныш пен сүйіс­пеншілік сезіміне бөлейтін бұл мереке – бейбітшілік пен жақ­сылықтың нышаны. Оның фило­софия­лық мәні зор және бүкіл­әлемдік мәдени сипаты бар. Көне заманнан бастау алатын осынау мейрам жаңару мен жаңа өмірдің басталу сәтін сипаттайды. Наурыз – рухани бай мұрамыздың, бірегей ұлттық кодымыз бен үздіксіз ұрпақ сабақтас­тығының жарқын символы. Бұл мереке өмірімізге жасампаздық пен дамудың жаңа лебін әкеледі. Бүгінде Наурыз – ортақ шаңырағымыз – Қазақстан Республикасындағы дос­тықты, өзара құрмет пен келісімді нығайтуға септігін тигізетін шын мәніндегі жалпыхалықтық мейрам. Оның мәңгілік мәні – ең жоғары құндылығымыз бен ортақ байлығымызды – халықтың ынтымағын бекемдеу. «Бірлік бар жерде, тірлік бар» дейді халық даналығы. Әз-Наурыз әр отбасына бақ-береке әкелсін!» делінген Президент құттықтауында.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button