Мәдениет

БЕРЕРІ МОЛ БИЕННАЛЕ

Қоғамда болып жатқан келелі мәселелерді суретші туындысынан басқа ештеңе ашық әрі бейнелі етіп жеткізе алмайтын секілді. Бар құдіретін қылқаламға сыйғызған өнер иелерінің осынау қасиеті Астанада алғаш рет суретшілердің халықаралық биенналесін ұйымдастыруға түрткі болып отыр. 

Елорда әкімдігі мен Суретшілер одағының бастама­сымен бүгін басталатын бұл шараның ұраны – өнерді планетамызды жаһандық жылынудан құтқарудың пәрменді тетігі ретінде кеңінен тарату. Айтулы уақиға кезінде Астана еліміздің өзге өңірлерімен қатар Италия, Франция, Швейцария, Германия, Ресей және Ливаннан келетін қонақтарды қарсы алады. Олар «Болашақ энергиясы» тақырыбында жазған үздік картиналарын ел назарына ұсынады. Яғни, экологиялық проблемаларды көтеріп, жасыл технологияны қолдану идеясын насихаттайды. Елорда тұрғындары мен меймандары бірнеше күн бойы суретшілердің шеберлік сыныптарына да қатысу мүмкіндігіне ие болады. Осы орайда, АҚШ-та PSA және ASOPA сынды өзара бәсекелес екі беделді көркемсурет байқауында ең жоғары марапаттарға ие болған әлемдегі жалғыз суретші Николай Блохинмен жүзбе-жүз танысып, сұхбаттасу әр адам үшін үлкен абырой болмағы анық.

Биенналенің жабылу салтанаты 6 шілде күні Тәуелсіздік сарайында өтеді.

Ғазиза ТОҚТАРБЕКОВА

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button