#Қазақстан Республикасының қарулы күштеріне 30 жыл

Берлинге дейін барды

Ғасырға жасы жақындаған Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің бірі, елорда тұрғыны Жүнісбек Кәрімов есімі көпке таныс. Он сегіз жасында туған жері Ақмола облысының Қажымұқан ауылынан соғысқа аттанған жас жігіт Берлинге дейін барып, қаланы жаудан азат ету үшін кескілескен ұрысқа қатысады

[smartslider3 slider=2924]

Биыл 96 жасқа келген ардагер 1944 жылы Қызыл Армия қатарына шақырылып, үш айдай Алматыда соғысқа дайындықтан өтеді. 1945 жылы Берлин түбіндегі қан майданға жіберіледі. «Аштықты да, қорқынышты да, жақыныңнан айырылу дегенді де бастан өткеріп, сол қиындықтың бәрінен аман өтіп, осы жасқа келдім. «Қырық жыл қырғын болса да, ажалды өледі» деген рас сөз, менің маңдайыма Жаратқан осынша қатал тағдырды жазса да, соның бәріне шыдап өтуге төзім мен ұзақ өмір беріпті. Германиядағы сұрапыл соғыста жараланған кезде де аман қалып, осынша ғұмыр сүремін деп ойламадым. Келер ұрпақ мұндай соғысты көрмесін деп тілегімізді білдіріп жүреміз. Еліміздің жастары осы соғыста көз жұмған батыр бабаларын ұмытпауы керек, себебі бұл тарих, әрі халқымыздың Отан алдындағы адалдығы мен бойын­дағы ерлігі шексіз, ерік-жігері мықты ұл-қыздары көп екеніне көз жеткізеді» дейді ол көзіне жас ала. Ардагер соғыстағы ерлігі үшін 1, 2-дәрежелі «Отан соғысы» ордені, «КСРО Маршал Жуков» және «Ерен ерлігі үшін» және басқа да көптеген мерейтойлық медальдарға ие болған.

 

Тағыда

Райхан Рахметова

«Астана ақшамы» газетінің шолушысы

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button