Жаңалықтар

БЕРЛИНГЕ ДЕЙІН ЖЕТКЕН

Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында майдангер атам туралы жазғым келді. Атамның соғыстағы ерлігін талай рет анамнан естігенмін.

Менің атам Байсары Құскенбетұлы Рустамов Өзбекстанның Самарқан қаласындағы балалар үйінде тәрбие­ленген екен. 1999 жылы Семей қаласында өмірден өтті. Ол анамның нағашы атасы болатын.

Ұлы Отан соғысы басталғанда ол 17 жаста еді. 1942 жылы он сегіз жасқа толысымен өз еркімен соғысқа аттанады. Соғыста танкист болған. Шені – кіші сержант. Ол фашистермен соғысып, Берлинге дейін жеткен. Атамның орден-медальдары көп. Соғыс аяқталған соң қалған өмірін Семей қаласында өткерген. Отбасын құрып,  бала-шағалы болды. Немере, шөбере сүйді. Мен Ұлы Отан соғысының майдангерінің ұрпағы болғанымды мақтан етемін

Еркежан ЖҮНІСОВА,

Райымбек батыр атындағы

№50 «Қазғарыш»

мектеп-лицейдің

2-сынып оқушысы

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button