Елорда тынысы
Бес бағдарға қосымша автобустар жіберіледі

Астанада 9 қарашадан бастап бес бағытқа қосымша автобустар қосылып, рейстер арасындағы аралықтарды үш минутқа қысқартады, деп хабарлайды www.astana-akshamy.kz/
Жаңа автобустар №3, 15, 31, 40 және 326 маршруттарға қосылады.
– №3 бағдар – енді 14 автобус (бұрын 12);
– №15 бағдар – енді 16 автобус (бұрын 15);
– №31 бағдар – енді 10 автобус (бұрын 7);
– №40 бағдар – енді 19 автобус (бұрын 18);
– №326 бағдар – енді 4 автобус (бұрын 3).
Графиктердің санын көбейту жұмыстары жалғасып жатыр. Алдағы күндері басқа бағдарларға қосылған автобустар жөнінде хабарланады.