Елорда тынысы

Бесінші аудан – Нұра

Республикалық ономастика комиссиясы Астана қаласының жаңа құрылған ауданы мен көшелеріне атау беру мәселесін қарады.

Мәдениет және спорт министрлігінің мәліметінше, комиссияның қарауына мемлекеттік органдардан барлығы 15 ұсыныс келіп түскен. Оның ішінде Астана қаласы әкімдігінің ұсынысына сәйкес елордада жаңадан құрылған ауданға «Нұра» атауы берілді. Астананың Есіл ауданындағы Е-583 көшесін ерлікпен қаза тапқан өрт сөндіруші Асқар Забикуллиннің есімімен атау бастамасы да қолдау тапты.

Сонымен қатар, комиссия шешімінен соң елордада 13 жаңа көше мен алаң пайда болады

– № 38 көшені ұлы ғалым Әбу Насыр әл-Фарабидің, А23 көшесін жазушы Әскен Нәбиевтің, А 24 көшесін ақын Сырбай Мәуленовтің, Е12 көшесін батыр апамыз Мәншүк Мәметованың, Е20 көшесін академик Шапық Шөкиннің, Е753 көшесін көрнекті мемлекет қайраткері Санжар Асфендияровтың, №187 көшені балалар жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың, № 189 көшені Бейбарыс сұлтанның,  № 23-16 көшені Мағжан Жұмабаевтың, Сауран көшесінің Ботаникалық бақ пен «Mega Silk Way» сауда үйі арасындағы бөлігін Гейдар Әлиевтің, бұрынғы Мәншүк Мәметова көшесін Қарамерген есімімен атау туралы шешім қабылданды, – дейді Астана қалалық тілдерді дамыту және архив іс басқармасының бастығы Сәкен Есіркеп.

Жақын арада комиссияның қорытындысы дайындалып, заңнамаға сәйкес жұмыстарды жүргізу үшін уәкілетті мемлекеттік органдарға жіберіледі.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button