Мәслихат

БЕСІНШІ ШАҚЫРЫЛҒАН ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ ЖӘНЕ АСТАНА ҚАЛАСЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА

2014 жылдың 27 наурызында сағат 10.00-де қалалық мәслихаттың мәжіліс залында (Бейбітшілік к-сі, 11, 220-кабинет) бесінші шақырылған Астана қалалық мәслихаттың кезекті сессиясы шақырылады.

Сессияның қарауына келесі мәселелер  енгізіледі:

1.  Қаланың қоғамдық көлігі жұ­мысының жай-күйі мен оларды жақ­сарту шаралары туралы.

2. Құрылыс, экология, көлік, сау­да және тұрғын үй-коммуналдық шаруа­шылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның есебі.

3. Астана қаласы  мәслихатының рег­ламенті туралы.

4. Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алуға байланысты жер учаскелерін немесе жылжымайтын өзге мүліктерді сатып алу туралы шарттардың  жобаларын келісу туралы.

5. Азық-түлікке бағаның қым­бат­тауына байланысты Астана қала­сындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы.

6. «Астана қаласында тұрғын үй көмегін көрсету ережесі туралы» Астана қаласы мәслихатының 2010 жылғы 22 қыркүйектегі шешіміне өзге­рістер енгізу туралы.

7. Астана қаласы әкімдігі жанын­дағы кейбір ведомствоаралық комис­сия­ларының құрамдарына өзгерістер енгізу туралы.

8. Астана қаласы мәслихатының  кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы.

9. Астана қаласы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы.

10. Қалалық мәслихаттың сессия­сында айтылған сын пікірлер мен ұсыныстардың орындалу барысы туралы.

11. Астана қалалық мәслихатының кезекті сессиясының қарауына енгі­зілген негізгі мәселелер  туралы.

12. Қалалық мәслихаттың кезекті сессиясының төрағасы туралы.

Анықтама телефондары: 55-66-35, 55-66-36, 55-66-37.

С. ЕСІЛОВ, 

Астана қаласы  мәслихатының  хатшысы  

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button