Мәслихат

Бесінші шақырылым қалалық мәслихат депутаттарының және Астана қаласы тұрғындарының назарына!

2014 жылдың 9 шілдесінде сағат 12.00-де қалалық мәслихаттың мәжіліс залында (Бейбітшілік к-сі, 11, 220 кабинет) бесінші шақырылым Астана қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы шақырылады.

Сессияның қарауына келесі мәселелер енгізіледі:

1. Астана қаласы мәслихатының 2009 жылғы 6 қарашадағы «Астана қаласының құрметті азаматы» атағын беру ережесі туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

2. Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алуға байланысты жер учаскелерін немесе жылжымайтын өзге мүліктерді сатып алу туралы шарттардың жобаларын келісу туралы.

3. Астана қаласында автокөлікпен жолаушылар мен жүктерді тұрақты тасымалдаудың кейбір мәселелері туралы.

4. Астана қаласы мәслихатының 2011 жылғы 18 қарашадағы «Астана қаласы әкімдігінің жанындағы денсаулық сақтау жөніндегі үйлестіру кеңесінің құрамы туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

Анықтама алу үшін телефондар: 55-66-35, 55-66-36, 55-66-37

С. Есілов,
Астана қаласы мәслихатының хатшысы

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button