1 мамыр - Бірлік күні

Би этнофестивалі өтті

Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында Нұр-Сұлтан қаласындағы Қазақстан халқы ассамблеясы би этнофестивалін өткізді. Оған 10-ға жуық ұжым қатысты.

[smartslider3 slider=2840]

Іс-шара Қазақ ұлттық өнер университетінің «Шабыт» ғимаратында өтті. Оған өзбек, қырғыз, неміс, армян, корей, украин, поляк, шешен-ингуш және қарақалпақ этномәдени бірлестіктерінің өкілдері қатысты. Шығармашылық ұжымдар көрермендерге заманауи бидің түрлі бағытын ұсынды.

Іс-шараны ұйымдастырушылардың айтуынша, этнофестивальдің негізгі мақсаты – қатысушылардың кәсіби шеберлігін арттыру, жас таланттарды анықтау, балалардың би шығармашылығын қолдау және дамыту, сондай-ақ еліміздегі жалпыұлттық бірлік пен келісімді қолдау. Фестиваль қатысушылары алғыс хатпен және естелік сыйлықпен марапатталды.

Баян Асылбекова

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button