Би мен күй үндесті
Еркеғали Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармониясының «Шалқыма» халық би ансамблі «Алтын қор – би қазынасы» атты концерт ұсынды.
Концерт көрермендерді халқымыздың мәдени мұрасының алтын қорына саяхат жасатып, қазақтың биі мен күйінің ерекше үндестігіне жетеледі. Кеш бағдарламасына халқымыздың атақты күйші-композиторларының шығармалары мен ұлттық билері енді. Атап айтқанда, «Сарыарқа» халық музыка ансамблі күй атасы – Құрманғазы, Сүгір, Тәттімбет, Нұрғиса Тілендиев, Кенжебек Күмісбеков сынды күй шеберлері мен музыка майталмандарының шығармаларын орындап, бұл туындылар ырғағымен «Шалқыма» халық би ансамблі әсем билерді ұсынды. Концерттегі би нөмірлерін кезінде Қаз КСР халық әртісі Шара Жиенқұлова, ҚР халық әртісі Зауырбек Райбаев, ҚР еңбек сіңірген әртісі Жанат Байдаралин және басқа да танымал хореографтар қойған еді. Соны «Шалқыма» жаңғыртты. Кешке филармонияның «Халық әні» бөлімінің әншілері де қатысып, әсем әндерді әуелетті.
Аманғали ҚАЛЖАНОВ