Мәдениет

Би өнері – бір сиқыр

«Астана Балет» театрында «Ұлы дала мұрасы» атты гала-концерт өтті. Ұлттық нақыштағы хореографиялық миниатюралар алғаш рет «Hassak» этно-фольклорлы ансамблінің сүйемелдеуімен көрсетілді.

[smartslider3 slider=2543]

Аталмыш театр репертуарындағы бұл концерттік бағдарламаны ел ішінде ғана емес, шетелде де зор қошеметпен қабылдайды. Концерттік бағдарлама үнемі тың билермен толығып отырады. Ал балалық шақтан құлағымызға сіңген әуендер ерекше күйге бөлейді.

Гала-концерт шымылдығы «Hassak» этно-фольклорлы ансамбльдің музыкасына қойылған «Тәңір сыйы – ақ жол» хореографиялық сюитасының премьерасымен ашылды. Қоюшы-балетмейстер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Айгүл Тәти пластика тілінің көмегімен Тәңір мен Ұмай ана, табиғаттың тылсым күшімен бірлесе отырып, адам баласының дүние есігін ашуына септесіп, жалпы өмір жолындағы жол сілтеушісіне айналатынын бейнелі түрде көрсетті. Бұл – өмір жолыңның шырағданы, бағыт-бағдары. Көшпелі ел үшін жол киелі саналатын. Жолға шыққан көшке ғана емес, адам баласына да «ақ жол» тілеп, бұл дүниеде адаспай, өмірлік жолын табуын тілеп отыратын.

Костюм суретшісі – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мүслім ­Жұмағалиев, суретші-сценограф – Жандос Омаров. Қойылымды қала ардагерлері тегін тамашалады.

1-2 сәуірде «Астана Балетте» осы жылдың алғашқы премьерасы – Стивен Райхтың музыкасына Иржи Килиан қойған «Жолдан тайғандар» («Falling Angels») бір актілі балеті өтеді.

Әсия нұрбекқызы

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button