Әлеумет

Бидай алқабы қысқарып, майлы дақылдар ұлғайтылады

Биыл бидай алқабы 187 мың гектарға қысқартылады. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков айтты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

– Әкімдіктердің деректері бойынша ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы дақылдарын 23,7 млн гектар жерге орналастыру жоспарлануда. Бұл 2024 жылғы көрсеткіштен 413 мың гектарға артық.

Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың егіс алқаптары 115 мың гектарға қысқарып, 16,6 млн гектарды құрайды. Бидай алқабы өткен жылмен салыстырғанда 187 мың гектарға қысқарып, 13,0 млн гектарға орналасады. Майлы дақылдар алқабы 378 мың гектарға ұлғайып, 3,3 млн гектар болады. Оның ішінде күнбағыс алқабы 1,4 млн гектарға жеткізіледі, – деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинге.

Оның дерегінше, ұйымдасқан шаруашылықтарда картоп алқабы 11,3 мың гектарға артып, 83,4 мың гектарға жетеді.

– Азықтық дақылдарының алаңын 127 мың гектарға ұлғайту және оларды 3,3 млн гектарға дейін жеткізу жоспарлануда. Жалпы, дәнді, майлы, көкөніс-бақша дақылдары, картоп бойынша жоспарланған алаңдар ішкі нарықтың қажеттіліктерін толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, – деді Ербол Тасжүреков.

Бұған дейін еліміз былтыр 16 млн тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттағанын жазған едік.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button