Тәуелсіздікке 30 жыл

Биік тұғырдан түспей келеміз

Құрметті елордалықтар! Баршаңызды келе жатқан Қазақстан Респуб ликасының Тәуелсіздігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!

[smartslider3 slider=1440]

Мемлекетіміз қалай өсіп­өркендесе, отыз жылда біздің білім саласы да солай өсіп­өркендеді. Бұл бағытта қол жеткізген жетістіктеріміз өте көп. Мысалы, орта білімді алатын болсақ, елордамыздың командасы соңғы жылдары халықаралық олимпиадаларда биік тұғырдан түспей келе жатыр. Бұл – өте қуанышты жағдай. Кәсіптік­техникалық білім де өсіп келеді. Тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдары олардың саны 11 ғана болса, қазір 35­ке жетті. Сонымен қатар тек саны ғана емес, сапасы да едәуір артты. Осының барлығы – егемендігіміздің арқасы. Құрметті ұстаздар, студенттер, елордалықтар, тәуелсіздігіміз тұғырлы, егемендігіміз еңселі болсын! Халқымыздан ынтымақ­бірлік кетпесін! Мереке құтты болсын!

Зұлфұхар ҒАЙЫПОВ,

Нұр-Сұлтан қаласындағы жоғары көлік және коммуникация колледжінің директоры

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button