Сайлау-2022

Биіктерге бастайды

– «Бірлік бар жерде, тірлік бар» екені бәрімізге аян. Еліміздің жарқын болашағы үшін жанұямызбен бірге Астана қаласы 39-ші санды сайлау учаскесіне барып, өз таңдауымызды жасадық. Сайлау кезеңінде, әрбір дауыс өте маңызды. Қоғамның белсенді, саналы азаматы болу – бұл үлкен жауапкершілік.   

Мен осындай берекелі, ынтымағы мол елдің азаматы болғаныма қуанамын. ­Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа халқымыздың 81.31 пайызы дауыс берді, сенімін аманаттады. Бұл сайлаудың екінші қыры бар, яғни бұл халықтың ел сеніміне, кемел болашағына деген ұмтылысын, дамуының келешегіне бірыңғай түсінігі мен арман-мақсаты бір екенін дәлелдеді. Қасым-Жомарт Кемелұлының сайлауалды бағдарламасында айтқандай 7 жылдық жобаларын бастау­ға уәде етті. Президентіміз айтқандай, күш – бірлікте, күш – ынтымақта. Әділетті Қазақстан үшін жұмылып, еліміздің болашағы үшін бірге қарыштап қадам жасауымыз керек.

Дүниенің дүрбелеңі өз алдына, қазіргі аумалы-төкпелі заманда барша қазақстандықтардың Қ.Тоқаевтың айналасына топтасып, оның саясаты мен жүргізіп жатқан реформаларын қолдайтынын көрсетіп, жаңа дәуірдің көкжиегінің жарық болатынына сенім ұялатты. Бұл таңдау, халықтың рухын ұштап, елімізді елеулі биіктерге бастайды деп сенеміз.

Бұл жеңіс – бүкіл халықтың жеңісі! Елімізде әрқашанда бейбітшілік болсын!

Есберген АЛАУХАНОВ,

Астана қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі,

заңгер-жазушы

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button