ЖаңалықтарҚала тіршілігі

БИЛЕТСІЗ ЖОЛАУШЫ – БЮДЖЕТТІҢ СОРЫ

2fec82d747c5faa3f4db456c1e8

Елордада қоғамдық көліктерде жол жүру ақысы өскенімен, қызмет көрсету сапасы жақсарды ма? Автобустардың жүру жиілігін арттыру жайы қалай? Міне, осы мәселелер көпшілікті толғандыратыны жасырын емес. Өйткені, қала халқының жартысына жуығы қоғамдық көліктермен жүреді. Сондықтан, күн сайын бағыттағы автобустарды тексеріп отыратын бақылау-желілік қызметі іске қосылған.

Расы керек, жолақыны алып, билет бермейтін кондукторлар да бар. Ал, билет берілмей алынған жолақы автопарктердің бюджетіне кері әсерін тигізеді. Соның салдарынан кірістің төмендеуі, салық салу базасының азаюы сияқты келеңсіздіктер көбейеді. Тасымалдаушылар әлеуетті табысын толық ала алмайды.

Енді, міне, елордалық тасымал­даушылар осы мәселелерге басқа қырынан келіп, айырықша акция ұйымдастырмақ. Барлық қалалық жолаушылар автобустарында «Кондуктор билет бермеді ме? Билет бермесе, онда тегін жол жүр­генің» деген плакаттар жазылады. Мұндай акция өткізудің мәні – кондукторларды міндеттерін адал атқаруға үндеу. Тағы бір айта кететін жәйт, бақылау-желілік қызметінің кезекті тексеруі барысында билетсіз жолаушының жауапкершілігі кондукторға ғана жүктеледі. Ұйымдастырушылар акция іс-шарасы өз пайдасын көз­дейтін кондукторларға сабақ болып, жалпы жолаушылардың аза­мат­тық жауапкершілігін арттыруға ықпал ететіндігін айтады.

Жұма ҒАЗИЕВ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button