Жаңалықтар

БИЛЕТТЕР САТЫЛА БАСТАДЫ

Астанада өтетін «ЭКСПО 2017» көрмесіне билеттерді онлайн-сату басталды. Билет бағдар­ламасы бо­йынша әрбір қазақ­стандық көрмені көру мүмкін­дігіне ие болады.

expo2017

Экспозицияны Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері, мүм­кіндігі шектеулі жандар, жетім және 6 жасқа дейінгі балалар тегін тамашалай алады. Ал, зейнеткерлер, көпбалалы ана­лар, студенттер мен оқушыларға же­­ңіл­дік жасалады.
ЭКСПО көрмесіне 2 миллионнан аса қонақ келеді деп күтілуде. Қазіргі кезде 89 мемлекет пен 15 халықаралық ұйым осы шараға қатысатындарын растады.
Билеттер сатылымға кезең-кезеңімен шығарылады. Мәселен, 10 маусым мен 10 шілде аралығында промокезең өткізіледі. Бұл кезде билетті барынша төмен бағамен сатып алуға болады. Ал 10-20 маусымда 50 пайыздық, 21-30 маусымда 30 пайыздық, 1-10 шілдеде 20 пайыздық жеңілдік жасалады.
Сонымен қатар, 10 шілде мен 10 тамыз аралығында туроператорлар мен реселлерлер үшін промокезең ұйым­дастырылады. Үстіміздегі жылдың 1 қыркүйегінде барша Қазақстан бойынша офлайн-кассалар ашылады. Ұлттық мерекелерді өткізу аясында билеттерді көшпелі сату жоспарланған. Бұдан бөлек, билет сатуға «ЭКСПО 2017» серіктестері – «Қазпошта», «Қазақстан темiр жолы», «Air Astana» компаниялары тартылады.
Билеттерді алдын ала сату биыл­дан бастап 2017 жылдың 9 мау­сымына дейін жүргізіледі. Билетті www.tickets.expo2017astana.com сайтынан сатып алуға болады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button