Басты ақпаратДенсаулық

Білікті дәрігер өмірді ұзартады

Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы 2022 жылы 69 дәрігердің шетелде біліктілігін арттыруға мүмкіндік жасаса, 2023 жылы 59 дәрігерді оқытуды жоспарлап отыр. Дәрігерлердің біліктілігін арттыруға тәжірибе алмасу алаңдары – мастер-класс ұйымдастыру да маңызды. Елордадағы №2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасында сондай іс-шара өтті. Оған белгілі ағылшын урологы Имран Муштак қатысып, балалар урологиясындағы күрделі жағдайлар бойынша тәжірибесімен бөлісті.

Астанадағы №2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасының базасында балалар урологиясындағы күрделі жағдайлар бойынша мас­тер-класс өтті. Мастер-класқа әлемге әйгілі балалар урологы Имран Муштак (Грейт Ормонд стрит клиникасының балалар урология­сы бойынша кеңесшісі, Лондондағы балалар денсаулығы институтының аға оқытушысы) қатысты. Ол несеп-жыныс жүйесінің өте күрделі туа біткен ақауы бар балаларға операция жасады.

Имран Муштактың нефрэктомия, ішінара нефрэктомия, адреналэктомия, пиелопластика, уретропластика, қуық пластикасы және эндоурология бойынша тәжірибесі мол. Дәрігер гипоспадия, жыныстық дамудың бұзылуы, қуық экстрофиясы және пластикалық урология бойынша маманданған.

Мастер-класқа урологтан практикалық тәжірибе алуға Алматы, Талдықорған, Семей, Астана қаласынан дәрігерлер арнайы келді.

Бұл – Имран Муштактың №2 балалар ауруханасына бесінші мәрте келуі. Бұл жолы басты ұйымдастырушылар «Дом» қоғамдық қоры болды.

№2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасының уронефрологиялық бөлімшесінің меңгерушісі Айгүл Бота­баеваның пікірінше, шетелдің тәжірибелі дәрігерлері мастер-класын ғана емес, тәжірибе алмасуын өткізу маңызды.

Айта кетейік, Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасымен былтыр 69 дәрігер шетелде біліктілігін арттырса, биыл 59 дәрігерді оқыту жоспарланып отыр.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button