Жаңалықтар

БІЛІКТІ ҰСТАЗ БИІКТЕРГЕ БАСТАЙДЫ

214167cc7d8c7b8f4dcd5af789f

Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков жаңа мектептердің дайындығын тексерді, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі. Бірінші қыркүйек күні елордамыздың үш жаңа білім ордасы оқушыларға есігін ашады. Олар – Орынбор көшесі бойындағы №77 мектеп-гимназия, «Комсомольский» тұрғын алабындағы №79 мектеп-гимназия және «Батығай» тұрғын алабындағы дарынды балаларға арналған №81 «Astana English school» гимназиясы. Есіл ауданында орналасқан бұл мектептердің әрқайсысы 1200 орынға лайықталған.

Кеше көшпелі кеңес барысында қала басшысы жаңа білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық базасымен және ұстаздардың оқу жылына дайындық барысымен танысып, мектеп кітапханасының оқу құралдарымен қамтылу жайын тексерді. Қала әкімі елордадағы білім беру жүйесі бәсекеге қабілетті болу керектігін, әр мектепке заманауи сандық білім беру ресурстарын енгізу қажеттігін атап өтті.

 – Ұстаздар үнемі біліктілігін арттырып отыруы керек. Білім беру саласының бұдан былайғы нәтижелі дамуы «Бес институциялық реформаны іске асыру бойынша 100 нақты қадам» атты Ұлт жоспарында көрсетілген. Біздің басты мақсатымыз – баланың мектепте дамуы үшін барлық мүмкіндіктер жасау, – деп атап өтті Ә.Жақсыбеков.

 Жаңа оқу жылында елордалық 17 мың бала мектеп табалдырығын аттайды. Бұл былтырғы оқу жылына қарағанда 2 мың оқушыға артық.

Сонымен қатар, әкім Астаналық цирктің, «Барыс» спорт кешенінің, «Қазақстан» спорт сарайының және Қ.Мұңайтпасов атындағы алаңның жағдайын тексеріп, аталған нысан жетекшілеріне спортшылардың кәсіби дайындығын және қала тұрғындары мен қонақтарының демалысын өткізуге сапалы қызмет көрсетуді тапсырды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button