БілімЖаңалықтар

БІЛІМ БӘЙГЕСІ БАСТАЛДЫ

Z09B0777

Кеше мектеп түлектері мен ата-аналар үшін аса маңызды білім бәйгесі – Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды. Елордалық 1244 түлек тест тапсырды. Соған орай, Астана қаласы Білім басқармасының басшысы Эльмира Суханбердиева баспасөз мәслихатын өткізді.

Ұлттық бірыңғай тестілеу үш жоғарғы оқу орнының ғимаратында өтеді. Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде – 1750, Қазақ мемлекеттік заң университетінде – 781, ал С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде – 1057 оқушы сынақ тапсырды.
ҰБТ кезінде түлектерге қара және көк түсті қалам, қарындаш және өшіргіш қолдануға рұқсат етілген. Ал қою гельді қалам пайдалануға, емтихан материалын рұқсатсыз ашуға және айырбастауға, оқулық, шпаргалканы аудиторияға алып кіруге және электронды құрылғыларды пайдалануға тыйым салынған. Ереже бұзылған жағдайда түлекті тест тапсырудан шектейді.

СҮБЕЛІ СӨЗ

DSC_2741Эльмира Суханбердиева,­ Астана қаласы Білім басқармасының басшысы: 

– Астана бойынша 4042 оқушы мектеп бітірді. Оның ішінде 3588-і тест тапсырады. 358 оқушы – халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар байқауына қатысып, өз білімін дәлелдегендер. Тиісті меже 50 балл, ал жоғары оқу орындарына түсем деушілер 70 балл жинауы керек. Балалардың көңіл-күйлері жақсы. Бірінші күні ешқандай құқық бұзушы­лықтар тіркелген жоқ.

Эльмира Суханбердиеваның айтуынша, мектеп бітірушілерді ұлттық бірыңғай тестілеуге әзірлеу барысына психологтар да атсалысқан. Психологиялық бейімдеу мақсатында сынақ түрінде тестілеу өткен. Оған қоса, осыған дейін тест сұрақтарына қатысты сын-ескертпелер биыл ескерілген. Айтулы білім бәйгесінің өткізілу барысын ата-аналары мен ұстаздары ғимарат сыртына орнатылған телеэкран арқылы қадағалай алады.

Еркежан СӘТІМБЕК

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button