Жаңалықтар

Білім бәйгесі басталды

Кеше Астанада өткен Ұлттық бірыңғай тестілеудің алғашқы күнінде 2000-ға тарта елордалық талапкер сынақ тапсырды. Келесі тестілеу 5 және 7 маусым күндері өтеді.

Ләззат БӨЛЕБАЕВА, ҚР Білім және ғылым министрлігінің білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті төрағасының орынбасары:  

– Биыл Ұлттық бірыңғай тестілеуге қандай өзгерістер енгізілді?

– Ағымдағы жылы ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу форматы өзгермейді. 155 ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу пунктерінде 100 мыңдай бітіруші, яғни, жалпы мектеп бітіруші түлектердің 70 пайызы қатысады.

Бірінші күні ұлттық бірыңғай тестілеу 56 пунктте өтеді және оған 25 756 бітіруші қатысады.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі БАҚ-тың, сондай-ақ, 100 мыңнан астам мектеп түлектерінің, педагогтер мен ата-аналар қоғамдастықтарының, оның ішінде интерактивтік режимде 63 мың мектеп түлектерінің қатысуымен кең көлемде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Республикадағы мектеп түлектерін психологиялық бейімдеу мақсатында сынақ тестілеу жүргізілді. 878 мың сұрақ кітапшасы мен ұлттық бірыңғай тестілеудің пәндері бойынша 210 мың оқу құралы жарық көрді.

2020 жылға дейін білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасына және жыл сайын тестілеу барысын жетілдірудің тәжірибесіне сәйкес ағымдағы жылы 20 900 тест тапсырмасы құралды. Сонымен қатар, базада әр нұсқаға бір тапсырмадан енгізілетін математика пәні бойынша құрастырылған 3000 логикалық сипаттағы тапсырма бар. Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу пункттеріне арнаулы дайындықтан өткен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 1500 өкілі бөлініп отыр. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен жергілікті атқарушы органдар барлық пунктте Ұлттық бірыңғай тестілеуді табысты әрі қалыпты өткізу үшін қажетті жағдайлар жасауда.

– Жоғары оқу орнына түсу үшін қанша балл жинаса жеткілікті?

– «Білім беру», «ауыл шар­­уа­­шы­­лық ғылымдары» және «ве­­теринария» мамандықтары бо­­йынша ақылы бөлімге оқуға тү­­су­ үшін ҰБТ-дан 60 балл жинаса жет­­кілікті. Ұлттық жоғары оқу орындарына түсудің ең төменгі шек­­ті балы 70 болса, өзге ЖОО-лар­­да бұның деңгейі – 50 балл. Ал, «жал­­пы медицина» мамандығы бо­­йынша кем дегенде 55 балл жинау керек. 3 маусымнан 15 мау­­сым аралығында республика­­да Ұлттық бірыңғай тестілеу өте­­ді. Жалпы, елімізде ҰБТ оныншы рет өткелі отыр. Ұлттық бір­­ың­­ғай тестілеуге 9 жыл ішінде 1 мил­­лион­­­ 240 мың адам қатысты, яғни, мек­­­­теп түлектерінің жалпы саны­нан­ 80%-ды құрайды.

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button