Ел тынысы

Білім басқармасында жаңа мектептерге электронды қабылдау туралы айтылды

Елорданың білім басқармасында жаңа мектептерге электронды қабылдау туралы айтылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Қалалық Білім басқармасы хабарлайды:

9 шілдеден бастап «жайлы мектеп» жобасы аясында салынған Төле би көшесінде (Зеленый квартал) орналасқан №101 орта мектепке құжаттар қабылдау басталды.

Құжаттарды қабылдау тек қағаз түрінде жүргізілгендіктен, бұл кезектің пайда болуына әкеліп отыр.

Egov электрондық жүйесінде мектепке тапсыру үшін құжаттарды қабылдау тек 1-сыныптар үшін қарастырылған. Баланы бір ұйымнан екінші ұйымға ауыстыру жөніндегі мемлекеттік қызмет автоматтандырылмаған.

Қазіргі уақытта ата-аналардан құжаттарды қабылдайтын адамдардың саны екі есеге артты, сондай-ақ 11 шілдеден бастап жұмыс істей бастайтын «SmartNotion» құжаттарды қабылдаудың автоматтандырылған порталын іске қосу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Құжаттарды қабылдауға және білім беру ұйымдарына оқуға түсуге электрондық өтініш беру нұсқаулығымен мына сілтеме бойынша танысуға болады https://mektep.snation.kz/ru/ala/faq.

Электрондық қабылдау сегіз жаңа жайлы мектепте жүргізіледі:

1. № 104 ОМ, Орынбор к-сі және № 37 («SOHO» ТК ауданы);
2. № 103 ОМ, Мәңгілік Ел даңғылы және Е 497 көшесі (мешіт ауданы);
3. № 99 ОМ, Қабанбай батыр және Сығанақ көшелері («Поколение» ТК);
4. № 101 ОМ, Төле би және Е758 көшелері (Зеленый квартал);
5. № 111 ОМ, Төле би – 24 көшесі (Барыс Арена север);
6. № 106 ОМ, С-189 және 12-207 көшелері (Земляничная көшесі);
7. № 105 ОМ, “Көктал” тұрғын алабы, Ұлытау көшесі – Наурыз көшесі ауданы;
8. № 102 ОМ, А. Байтұрсынұлы көшесіндегі мектеп, № 9 үй ауданы («Highvill»ТК).

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button