БілімЖаңалықтар

БІЛІМ БЕРУ БОЛАШАҒЫ БАЯНДЫ

(Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі А.Б.Сарінжіповтің жұмыс сапары: жаңа формациялы педагог даярлаудағы «Өрлеу» БАҰО» АҚ рөлі)

2014 жылғы 26 наурыз «Өрлеу» БАҰО» АҚ  тарихында ерекше күн болды. Бұл күні Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрі Аслан Бәкенұлы Сәрінжіпов Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «СҚО ПҚ БАИ» болды. Министрдің филиал қызметкерлерімен, облыстың педагогикалық қауымдастығымен іскерлік кездесуіне  Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Фархад Шаймұратұлы Қуанғанов, ҚР БҒМ білім саласындағы бақылау  комитетінің СҚО бойынша департаменті басшысы Ерлан Слямбекұлы Әбілдинов, СҚО  білім басқармасының басшысы Шолпан Таңатқызы Каринова қатысты.

Кездесу барысында А.Сәрінжіпов бірқатар маңызды және өзекті сұрақтарға жауап берді, бүгінгі таңда педагогтардың алдында тұрған маңызды мәселелер туралы айтып өтті. Сонымен  қатар, біздің облысқа жұмыс сапарының мәні мен маңыздылығына да  қысқаша тоқталып өтті.  Білім беруді жаңарту үдерісінде  «Өрлеу» БАҰО»АҚ маңызды  орындардың бірін алатындығына, өйткені, ол педагогтың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруға, үздік педагогикалық тәжірибені таратуға, халықаралық және қазақстандық тәжірибені таратуға үлес қосатындығына, бірлескен басқару негізінде білім берудің жоғары сапасын қамтамасыз ететіндігіне ерекше тоқталды.

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «СҚО ПҚБАИ» директоры Алма Жәкімқызы Мырза­линова «Өрлеу» БАҰО» АҚ  көпвек­торлы жүйелі қызметімен таныстырды. Ұлттық орталықтың құрылымы білікті­лікті арттырудың жаңартылған форматы бағыттарына сәйкестендірілгенін, білім беру жүйесіндегі стратегиялық маңызды  да өзекті мәселелермен айналысатынын ерекше атап өтті. Бұдан кейін Алма Жәкім­қызы А.Сәрінжіповті және делегацияны білік­ті­лікті арттыру жүйесі қызметінің мазмұнын жан-жақты ашатын көрмемен таныстырды.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің соңғы алқа отырысында Аслан Бәкенұлы білім беру ортасын кеңейту қажеттілігі туралы айтқан болатын. Келесі кезекте қонақтарға таныстырылған біліктілік арттыру институтында тұрақты жұмыс істейтін 4 ақпараттық аймақ осындай ортаның жаңаша үлгісі болып табылады. Кездесудің маңызды сәттерінің бірі «Педагогтың кәсіби даму мүмкіндіктерінің көкжиегі» атты электрондық жолсілтегіштің таныстырылымы болды. Электрондық  жолсілтегіш педагогтың өздігінен дамып, жетілуіне зор мүмкіндік тудырып отыр. Аслан Бәкенұлы бұл жобаның жаңашылдығын баса айта отырып,  жоғары бағалады.

Филиал бойынша экскурсия кезінде министр мен құрметті қонақтар Кембридж бағдарламасы бойынша өтіп жатқан деңгейлік курс тыңдаушыларымен, арнайы жабдықталған М. Монтессори кабинетінде «Батыр» бөбекжай бақшасы үлгісінде инклюзивті білім беру  мемлекеттік саясатты іске асыру болашағы» тақырыбында дәріс тыңдап отырған мектепке дейінгі мекеме тәрбиешілерімен, «Өзін-өзі тану» пәні кабинетінде сандық білім ресурстары арқылы тәжірибелік сабақ өтіп жатқан курс тыңдаушыларымен кездесіп, педагогтардың өздігінен кәсіби  дамуына ғылыми-әдістемелік қолдау жасаудың  жаңа түрлерін және білім берудің интерактивті технологияларын пайдалану бойынша Қазақстан-Ресей қарым-қатынасы аясында өтіп жатқан  семинар жұмысымен танысты.

Кездесу сындарлы жылы қарым-қатынас жағдайында өтті. Кездесуге қатысқан педагогика қызметкерлері министр А.Сәрінжіповке қойылған сұрақтарға нақты және тұжырымды жауап қайтарып, тыңғылықты түсініктеме бергені үшін алғыстарын айтты.

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрінің филиал ұжымымен кездесуі бірге суретке түсумен аяқталды.

©

 

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button