Білім

БІЛІМ БЕРУДІҢ БЕЛЕСТЕРІ

DETAIL_PICTURE__93459877

Астана қаласы мәслихатының Заңдылық, құқық тәртібі және жұртшылықпен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті. Онда қалалық Білім басқарамасының басшысы Эльмира Суханбердиева балалардың заңды мүдделерін қорғау және құқықтарын сақтау барысында атқарылған жұмыстардың барысымен таныстырды.

Білім басқарамасы жасөспірімдердің құқықтарын қорғау, олардың алаңсыз өсуіне қолайлы жағдай туғызып, әлеуметтік жетімдік пен зорлық-зомбылықтың алдын алу үшін кешенді жұмыстар жүргізуде. Бүгінде елордада 292 білім беру мекемесі бар, оның ішінде 173 мектеп жасына дейінгі сәбилерге арналған. Орта мектептердің саны – 84 болса, 35 оқу орны техникалық-кәсіптік білім беруге бағытталған. Ұзын саны 33 164 балдырған бала бақшаларға барып, 94 712 оқушы мектепте білім алады. Астаналық 29 859 жасөспірім техникалық-кәсіптік білім алып жатыр. Биылғы жылдың сәуірінен бастап, оқушылардың 79,5 пайызына ыстық тағам берілетін болды. Ал 20,5 пайызы буфеттен тамақтанады. Оқушылардың жалпы санының 65 пайызының, яғни, әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан балалардың тегін тамақтануына толық жағдай жасалған. Ол үшін 2 млрд 024 млн 614 мың теңге жергілікті бюджеттен бөлініпті.

Инклюзивті білім беру жүйесін дамытуда елорданың оқу орындарының үздік тәжрибесін айтуға болады. Жыл сайын осы мақсаттағы мектептердің саны артып келеді, қаладағы 47 мектепте мүмкіндігі шектеулі балардың білім алуына мүмкіндік жасалып, жүз пайыз қамтылып отыр.

Оқушылардың жазғы демалысын ұтымды ұйымдастыру мақсатында жергілікті бюджеттен 220 млн 778 мың теңге бөлінген.

Жасөспірімдер мен сәбилердің құқықтарын түсіндіру жұмыстары да жолға қойылып, олардың құқықтық мәдениетін тәрбиелеуге арналған түрлі шаралар жүйелі түрде өткізілуде.

– Мемлекет қамқорлығынан, қоғам игіліктерінен тыс қалған бір баланың да жоқ екенін айта аламын. Жыл сайын өтетін «Мектепке жол» және «Қамқорлық» акциялары осы тұрғыдағы жұмысымызды жандандырады. Бүгінде 23 245 оқушы орны тапшылығы бар. Дегенмен,салынып жатқан 8 мектеп пен бір колледждің құрылысы бұл мәселелердің түйінін тарқатады – деді Эльвира Амангелдіқызы.

Айгүл УАЙСОВА

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button