Білім

Білім негізі – бастауышта

Ұрпақ болашағын ойлайтын әрбір мұғалім өз шәкіртінің білімді, сауатты болып өсуін қалайды. Ал білімге, өнерге, ғылымға апарар жол бастауыш сыныптан басталады. Сондықтан жаңа оқу жылы қарсаңында алғаш рет мектеп табалдырығын аттағалы отырған бүлдіршіндердің заман талабына сай білім алып, ақпараттық технологияны еркін меңгеруіне жағдай жасау біздің басты мақсатымыз болмақ, дейді бастауыш сынып мұғалімі Салтанат Аманова.

zhas

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев орайы келсе жастарды білімге шақырудан жалықпайды.
«Беталысы күнде өзгерген ал­мағайып дүниеде адамзат үшін ешқашан өзгермеген, өзгер­мейтін темір­қазықтар бар. Ол – білім! Ол – еңбек! Ел болаша­ғының баянды болмағы баста бұлықсыған білім мен қолда ойнаған еңбекке байланысты» деп айтқаны да – соның дәлелі.
Осынау салиқалы сөзді барлық қазақстандықтар, әсіресе, ке­йінгі толқын мықтап санасында сақтауы қажет. Оларда білім алуға, жаңа нәрсені үйренуге, ғылымды тануға деген ықылас барда біз, яғни ұстаздар қауымы аянып қалмаймыз. Ұл-қыздарымның бойынан мұндай қасиеттерді бай­қаған сайын сабақты мей­лінше қызықты әрі ерекше ұйым­дастыруға құлшынысым арта түседі. Бастауыш сыныптың оқушылары үшін бүгінде небір айрықша методикалар оқу бағдарламасына енгізілген. Мәселен, саяхат сабақ, аукцион сабақ, панорамалық сабақ түрінде өткізілетін жаңа тақырып баланың ой-өрісін дамытып, көкжиегін кеңейтеді.
Әрі оның есте жақсы сақта­луы­на, қорытылуына көмектеседі.Мұнымен қоса, сабақ барысында балдырғандардың өз ойын ауызша еркін жеткізуіне жәрдемдесетін ойындарды да жиі қолданамыз. Тәжірибе көрсеткендей, мұндай әдіс-тәсіл тілдің анықтығына, шұ­рай­лылығына, көркемдігіне үлкен үлес қосады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button