БілімЖаңалықтар

Астанада білім саласына арналған жәрмеңке өтеді

11 тамыз күні «Жастар» сарайында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді. Бұл жолғы жәрмеңкенің негізгі ерекшелігі – бос жұмыс орындары бастан-аяқ білім саласының қызметкерлеріне арналмақ.

04

Бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне мектепке дейінгі ұйымдар, балабақшалар, мектептер мен колледждердің өкілдері қатысады. Жәрмеңкеге қатысып, өзіне лайықты қызмет табуға ниет танытқан елордалықтар сол күні таңертеңгі сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін жұмыс берушілермен жолығып, түйіндемелерін қалдыруына болады.
«Бұл – Астана қаласында өткізілетін тоғызыншы жәрмеңке. Әдетте тамыз айында білім саласындағы кадрлар қажеттілігі артатындықтан, кезекті шараны педагогтарға арнау туралы шешімге келдік», – дейді Астана қаласының Жұмыс­пен қамту орталығының мамандары.
Жұмыспен қамту орталығы жыл соңына дейін тағы 12 бос жұмыс орындары жәрмеңкесін ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

Бүркіт НҰРАСЫЛ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button