БілімЖаңалықтар

БІЛІМДІ ТӘЖІРИБЕМЕН ҰШТАСТЫРСАҚ, ҰТАМЫЗ

Техниканы талапқа сай меңгерген мамандарға зәруміз. Сондықтан өндірісіміз тоқырап, қыруар қаржыға белшеден батпас үшін оқу үдерісіне тың бағдарлама енгізілуі шарт.

Мемлекет басшысы «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық мақаласында осыған ерекше екпін берді. Аталған талап үдесінен көріну мақсатын көздеп, Қазтұтынуодағының сауда-экономикалық колледжі дөңгелек үстел жиынын өткізді.

Басқосуда сөз алған «Нұр Отан» ХДП Аста­на қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қайрат Жаңабергенов Елбасының бағдарламалық мақаласында барлық салаға міндеттер жүктелгенін мәлімдеді. Соның ең бастысы – кәсіптік білім беруді уақыт талабымен үндестіруіміз қажет.

Астана қалалық мәслихатының хатшысы Сансызбай Есілов елордамызда инженер, механиктердің жетіспейтінін және кейбір кол­ледждер өздерінің мүмкіндігіне сай емес маман даярлап отырғанын алға тартты. Ал сауда-экономикалық колледжінің түлегі Айнұр Құспан жаңадан жұмысқа қабылданғандарға сынақ мерзімін ұзартуды қозғады.

Сауда-экономикалық колледжінің директоры Мырзабек Күжімов модульді бағдарламаның ерекшелігіне түсініктеме беріп, жекелеген олқылықтың себеп-салдарын ашып айтты.

Әмірхан АЛМАҒАНБЕТОВ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button