Білім

«Білімдіден не пайда білгенін көпке айтпаса…»

Жуырда халықаралық « Қазақ тілі қоғамы» Астана қалалық филиалы мен А.Байтұрсынов атындағы Binom мектеп лицейінің ұйымдастыруымен «Білімдіден не пайда білгенін көпке айтпаса, Үйреткеннен не пайда қайырымы қайтпаса» атты әдістемелік семинар өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Іс-шараға Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» мекемесі арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандум аясында қала мектептерінің қазақ тілі мұғалімдері қатысты. Аталмыш жиынды «Қазақ тілі қоғамы» қалалық филиалының төрағасы Лариса Алдаберген ашып, шараның мақсат –міндеттерін ашып айтты. Сонымен қатар қазақ тілін білу деңгейін анықтау мен бағалаудың тиімді әдіс-тәсілдерін қалыптастырып қолдану барысындағы іс-тәжірибе алмасуға шақырды.

Семинарда «Тіл білімі» мамандығы бойынша профессор, халықаралық «Қазақ тілі қоғамы» Астана қалалық филиалының кеңесші-сарапшысы Болат Жексенғалиев «Ахмет Байтұрсынұлының білім беру әдістемесі және оның қазіргі заманғы маңызы» тақырыбында қазақ тілі бойынша көптеген мәселелер бар екендігін атап өтті. Ал Ахмет Байтұсынұлы атындағы Binom мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі А. Боканова «Ұлт ұстазының әдістері- бүгінгі білімнің негізі» тақырыбында және Tildes.kz  Астана клубының модераторы Бауыржан Мұқатай «Тіл үйретудегі заманауи әдістер» тақырыбында шеберлік сағаттарын өткізді.

Жалпы, осы клубтың мақсаты қазақ тілін заманауи форматта үйрету, қазақша сөйлету, сауатты жаздыру, қазақ тілі және әдебиеті пәні оқытушылары арасында тәжірибе алмасатын алаң құру. Бұған дейін мұндай клубтар бірнеше мектеп мен балабақшаларда да ашылған екен. Алдағы уақытта басқа мектептерде де ашылу керектігі жөнінде қазақ тілі мұғалімдеріне ұсыныс айтылды.
Әйгерім Сейітматова, N 57 орта мектептің қазақ тілі пәнінің мұғалімі

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button