ЖаңалықтарҚала тіршілігі

Білімге ынта балабақшадан басталады

Алматы ауданының әкімі, Nur Otan партиясы Алматы аудандық филиалының төрағасы Ерлан Бекмырзаев «Қазақстандық мектепке дейінгі ұйымдар қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі елордалық филиалымен өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Келісім аясында жүйелі жоспар әзірленіп, бірқатар бірлескен іс-шараларды жүзеге асыру жоспарланып отыр.

[smartslider3 slider=403]

«Қоғамның болашағы мектепке дейінгі білімге байланысты. Баланың білімге деген ынтасын арттыру, дұрыс тәрбиелеу, патриотизм сезімін ояту балабақшадан басталады» деп атап өтті өз сөзінде Е.Бекмырзаев.
Артынша ол аудан аумағындағы мектептерді аралады. «Мектептердегі сапалы білім, жайлы жағдай мен қауіпсіздік – оқушылар мен мұғалімдер үшін ең басты міндет» деді аудан басшысы.
Аралау барысында №22 мектеп-гимназияда сыртқы жылу жүйесі жөнделмегені, №86 мектеп-гимназияда оқушылар үшін гардероб қарастырылмағаны, №83 мектеп-гимназияның қоршауын бекіту қажеттігі анықталды. Е.Бекмырзаев осы мәселелерді тез арада шешу үшін тапсырма берді.
 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button