Елорда тынысы

Бір әйелді автобус қағып кетті

Астанада бір әйелді автобус қағып кетті. Ол оқиға орынында жан тапсырды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Желіде оқиға орнынан видео пайда болды. Кадрда бірнеше полиция көлігі қоршап алған автобус көрінеді. Оқиға күндіз Тұран даңғылы мен Сығанақ көшесінің қиылысында болған.

Астана Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде болған. Мұндай өткелдерде қозғалысты реттейтін бағдаршам жоқ, ал ережеге сәйкес жүргізушілер жаяу жүргіншілерге жол беруі керек.

«102-ге Сығанақ көшесімен келе жатқан автобус жүргізушісі Тұран даңғылына оңға бұрылған кезде реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде жолды кесіп өткен жаяу жүргіншіні қағып кеткені туралы ақпарат түсті. Әйел алған жарақаттарынан сол жерде жан тапсырды», — деп жазылған хабарламада.

Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button