Елорда тынысы

«Бір ауыл – бір өнім»

Астанада жыл сайынғы «Бір ауыл – бір өнім»республикалық көрмесі өтуде, деп хабарлайды www.astana-akshamy.kz/

Кеше Қазмедиа орталығының алаңында «Бір ауыл – бір өнім» жобасының жыл сайынғы республикалық көрмесінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. 22-24 қазан аралығында болатын көрмеге 40-тан астам өндіруші қатысуда.

Жобаның негізгі мақсаты – жергілікті ресурстардан бірегей өнімдер өндіріп, оларды ішкі әрі сыртқы нарықтарға ілгерілету.

Шара барысында сөз алған Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Құдайбергенов жоба 2021 жылы Жапон халықаралық ынтымақтастық агенттігінің (JICA) қолдауымен және халықаралық даму институттарының қаржыландыруымен іске қосылғандығын атап өтті.

Сонымен қатарол жобаның пилоттық режимде Жамбыл, Батыс ҚазақстанҚостанай және Маңғыстау облыстарында басталғанынқазіргі уақытта республика бойынша іске асырылып жатқанын айтты.

Соңғы екі жылда, аймақтық деңгейден бастап, көрмелерге1300 өндіруші қатысты, олардың арасынан 131 финалист іріктелді. Қатысушылардың басым бөлігі ауылдық жерлерде тұратын әйелдер, олар тамақ, текстиль және денсаулық тауарларын өндіреді.

Сондай-ақҚұдайбергенов биылдан бастап өнімдерді одан әрі дамыту мақсатында 5 млн теңгеге дейінгі мемлекеттік гранттар тек әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілеріне және жоба финалистеріне берілетінін хабарлады.

«Бұл жобаны жүзеге асырудағы бірлескен күш-жігеріміз маңызды нәтижелерге жеткізе беретіндігіне және өңірлеріміздің өркендеуіне септігін тигізетініне сенімдімін», — деп қорытындылады вице-министр.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button