Денсаулық

Бір күндік ота

№6 қалалық емхананың хирургия бөлімінде Амбулаторлық хирургия орталығы жұмыс істейді. Орталықта қандай медициналық қыз­меттер көрсетілетіні туралы хирург Қуаныш Құсмановпен әңгімелестік.

Хирургия бөлімінің құрамында 10 жылдан астам тәжірибесі бар жоғары және бірінші санатты хирург-дәрігерлер жұмыс істейді. Орта медициналық персоналдар да хирургия саласы бойынша оқытылған және білікті.

– Аты айтып тұрғандай, операциялар емханаға келген күні жасалады, науқас процедураны алған соң үйіне қайтады. Ең басты артықшылығы – жалпы наркоздың қолданылмауы, сондықтан отадан кейінгі бас ауруы, әлсіздік, бас айналу, жүрек айну секілді жағдайлар болмайды, – дейді дәрігер.

Барлық оталар санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып жасалынады. Операциялық блоктар және операциядан кейінгі палаталар да қарастырылған.

– Қазіргі уақытта №6 қалалық емханада хирургтар тері мен тері асты тінінің түрлі жаңа өскіндерін жою, әртүрлі деңгейдегі іріңді-қабыну ауруларын емдеу операцияларын жүргізеді. Ең маңыздысы, бұл қызметтердің барлығы МӘМС аясында тегін көрсетіледі, – дейді Қуаныш Құсманов.

Мұнда қызмет алу үшін алдымен операциялық емдеу тактикасы мен көлемін анықтайтын хирург дәрігердің кеңесі керек. Одан кейін қажетті тексерулерден өтсе, процедура күні белгіленеді.

– Сонымен қатар, блефаропластика, липосакция және отопластика секілді бағыттар бойынша пластикалық хирургтің тегін кеңесін алуға болады. Айта кететін жайт, хирургия­лық бөлімде айына шамамен 25 ота жасалады. Бұл операциялық блоктың күнделікті белсенді жұмыс істейтінін білдіреді, – деп атап өтті дәрігер.

Гүлмира АЙМАҒАНБЕТ

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button