Елорда тынысы

Бір сағат ішінде жүрегі 3 рет тоқтаған

Астанадағы аурухана дәрігерлері жүкті әйелді клиникалық өлімнен құтқарып алды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

№2 қалалық көпбейінді ауруханаға жағдайы өте ауыр жүкті науқас жедел жәрдем қызметімен жеткізілді. 30 жастағы Анастасия жүктілік кезіндегі ауыр созылмалы аурудың салдарынан жүректің үш рет тоқтауынан кейін шок күйінде жеткізілді.

Дәрігерлер реанимация бөлімшесінде ӨЖЖ аппаратына қосылған науқастың өмірі үшін 3 апта бойы күресті. Ауруханаға түскен күннен бастап бір апта өткен соң Анастасия есін жиып, оңалтудан кейін гинекология бөлімшесіне ауыстырылды. 1 ай бойы барлық медициналық қызметкерлердің қажырлы еңбегі арқасынла науқас тыныс алуды, тамақтануды, жүруді және сөйлеуді қайта үйренді.

Аурухананың барлық медициналық қызметкерлеріне алғысын білдіріп: «Олар менің баламды құтқарып, ана дүниеден қайта шығарды», – дейді Анастасияның анасы.

Гинекология бөлімшесінің меңгерушісі Оразалы Абдраманов бүгінгі күні науқас өзін жақсы сезінетінін және ауруханадан шығуға дайындалып жатқанын атап өтті.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button